RU

"Күте тұрайық": СІМ басшысы Мысырдағы дипломаттың өліміне қатысты жауап берді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырдағы қазақстандық дипломаттың қазасына байланысты тілшілердің сұрағына жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ситмсьсмит
Еламан Жолдасов. Фото: Facebook: UGC
«Әзірге тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі біздің жаққа берілген жоқ. Сондықтан, күте тұрайық. Олар (іс-материалдары - ред.) қазір Египеттің Бас прокуратурасында, сол елдің сыртқы істер министрлігі арқылы бізге беріледі.
Жаңа жылға дейін, осы аптаның соңы немесе келесі аптада марқұмның денесі елге жеткізіледі деп күтудеміз», - дейді Мұхтар Тілеуберді Үкімет отырысынан кейін.

Министрдің сөзінше, бұл істе суицид - ең бірінші нұсқа ретінде қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Мысырдағы дипломатиялық өкілдігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың жұмбақ жағдайда қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Кейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі елшілік қызметкерінің зорлықпен өлтірілгені туралы қауесетке пікір білдіріп, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан еді.

40 жасында қайтыс болған дипломат Жолдасовтың Оңтүстік Қазақстан өңірінен болғаны анықталды.Марқұмның туыстары Шымкентте тұрады.

Бұл туралы жергілікті Otyrar.kz басылымы хабарлады.

Сонымен қатар, Еламан Жолдасовтың әйелі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, еліміздің бас прокуроры, ішкі істер министрі мен сыртқы істер министрінің атына көмек сұрап, үндеу жолдады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832844-tergeu-ntizesi-berilmedi-sim-bassysy-diplomatty-limine-katysty-zauap-berdi.html