RU

Димаш Әділет ресейлік аруға ұсыныс жасағанын жоққа шығарды

Telegram logo VKontakte logo

Әлеуметтік желіде танымал болып, талай қыздың арманына айналған кәсіпкер Димаш Әділет БАҚ беттерінде тараған ақпараттарға жауап берді. Кәсіпкердің айтуынша, ол ресейлік сәнбике Виктория Одинцоваға ұсыныс жасамаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dimashadilet. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/dimashadilet. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Қазақстандық кәсіпкер бұған дейін өзінің желідегі парақшасында Виктория Одинцоваға достарының ортасында үйленуге ұсыныс жасаған видеосын жариялаған болатын.

Бейнежазбаның шынайы көрінгені соншалықты, мұндай жаңалықты көпшілік шынайы деп қабылдаған. Алайда Димаш кейінірек бәрін түсіндіріп, оның жай ғана қойылым екенін айтты.

"Мен ұсыныс жасаған жоқпын. Бұл жай ғана парақшасы үлкен құрбымыздың ТикТокы үшін түсірген видео. Сіздер әңгіменің не туралы екенін білу үшін соңғы нұсқасын TikTok-қа (DimashAdiletOfficial) саламын.
Бірақ менің атастыруыма шынымен де қуанғандар үшін рахмет. Күндердің бір күні нағыз ұсыныстың видеосын сіздермен бөлісемін, бірақ жақын уақытта үйленуді жоспарламаймын", - деді сымбатты кәсіпкер.

Еске сала кетсек, өткен аптада қазақстандық жас кәсіпкер Димаш Әділеттің ресейлік сүйіктісіне ұсыныс жасағаны туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ, KAZ.NUR.KZ кәсіпкердің ғашығының рөлін сомдаған Виктория Одинцованың кім екенін де анықтап көрген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Димаш Әділет ресейлік аруға ұсыныс жасағанын жоққа шығарды