RU

Жартылай жалаңаш денесін көрсеткен Асылхан Төлепов желіде қызу талқыға түсті (фото)

Отандық танымал актер Асылхан Төлепов жартылай жалаңаш суретін жариялап, желіде қызу пікірталас тудырды. Бірі өнер иесінің сымбатты денесіне тәнті болып жатса, енді бірі ерсі санаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/assylkhantolepov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/assylkhantolepov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қазақ кино саласының жұлдызы өзінің дене сымбатын Instagram парақшасында паш еткен.

"Жаңа жылда жаңа, өзгелерге ұқсамайтын менің образдарымды күтіңіздер" , - деп жазған ол сурет тұсына.

Дегенмен актердің жаңа суреті көрген желдігелер пікірі екігі жарылыған. Бірі оның шымыр денесіне жоғары бағасын берсе, енді бірі ол бұл әрекетке танымалдылығын арттыру мақсатында барды деп сынауда.

"Керемет актер дәл сіздей болу керек" , "Недеген дене, шымырсыз ғой" , "Отсыз, жаңа образда көріп таңғалу үстіндеміз" , "Бұл дененің өзі еңбек" , "Уф, мына жігіт Джет Лидің немересі ма?" , "Уау, қандай сымбатты дене" , "Мынауыңыз енді ұят қой" , "Әйеліңіз қызғанып жатқан болар" , "Танымалдылығы түсіп барады, сол үшін жасаған" , "Шешінгендер тез жұлдыз болады дейді. Олай істемеңізші" , "Ұялмайсыз ба ағай шешініп түскенге" , "Кіндікті жап, ұят болады. Кіндік - әурет жер" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Асылхан Төлепов депутаттық мандатымен не себепті қош айтысқанын түсіндірген болатын.

Оған қоса, жақында актер тұңғышы Алпамыстың тұсауын кесті.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832904-zartylaj-zalaas-denesin-pas-etken-asylhan-tlepov-kyzu-talkyga-tsti-foto.html