Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күлкілі емес пе": Мұхтар Тайжан Димашқа ақыл айтатындарды сынға алды

Опубликовано:

Экономика ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан әнші Димаш Құдайбергенге ақыл айтатын жұртты сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Мұхтар Тайжан
Фото: Facebook/ Мұхтар Тайжан: Instagram

Белсенді бұл жайында өз Facebook парақшасында жазды.

"Ютубты қарасам, қазақта не көп, ми я ақыл көп екен. Ақыл-кеңес айтуға құмармыз. Сен былай бүйтпе, былай сөйт. Тек іске келгенде данышпандарымыз жоғалып кетеді. Саясатта солай екенін білесіздер. Ал енді сол данышпандар Димаш баламызға ақыл айтқыш болып кетті. "Жұлдыз болғың келсе, сен былай жаса" деп ақыл айтып жатыр.
Ол күлкілі емес пе өзі Құдайға шүкір, Димашты Қытай, АҚШ, Еуропа, Ресей жұлдыз ретінде баяғыда мойындап отыр. Миллиондаған фанаттар қазақ әңдерімізді жатқа меңгеріп сайрап жүр! Димашқа ақыл айтуды қойыңдар, оған бізден тек ақ тілектеріміз керек! Тіл-көзден Жаратқанның өзі сақтай гөр, жолың әрқашанда ақ болсын!....", - деп жазды ол.

Айта кетейік, осыған дейін отандық танымал кәсіпкер әрі блогер Марғұлан Сейсембай ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергенге әлемдік жұлдыз атану үшін не істеу қажет екенін айтқан еді. Ол әйгілі хиттерді орындап танылған тума талантқа үлкен белестерді бағындыруда алдымен өз репертуарын жасап шығаруға кеңес берді.

Одан бөлек, "Орда" тобының мүшесі Есболат Беделхан Димаш Құдайбергеннің шетелде өткізген ән кештерінде домбыра шертіп, ұлттық киім киетінін құптамайтынын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832932-klkili-emes-pe-mhtar-tajzan-dimaska-akyl-ajtatyndardy-synga-aldy/

pixel