RU

Ересектер арасындағы матчта алғашқы голын салған шабуылшы анасын құшақтап алды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Интер" командасының 17 жастағы шабуылшысы ересектер арасындағы матчта салған алғашқы голынан кейін анасы барып, құшақтап алды. Жас жігіт қуанышын ең бірінші анасымен бөлісуді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: twitter.com/Inter_en

Фото: twitter.com/Inter_en

Жантебірентерлік сәт Италия чемпионатының 17-айналымында, "Дженоа" командасына қарсы ойында болған.

Төреші "Интердің" пайдасына пенальти белгілеп, Эспозито 11 метрлік қашықтықтан допты қақпаға дөп тигізген. Торға кірген допт көрген жас форвард алаң шетінде тұрған анасына жүгіріп барып, құшақтап алған.

Ойын соңында "Интер" клубы "Сан Сиро" алаңында 4:0 есебімен жеңіске жеткен.

17 жастағы Эспозито - миландық клубтың тәрбиеленушісі. Ол алғаш рет команда сапында 2019 жылдың наурызында өнер көрсеткен.

Айта кетсек, Италия Суперкубогы матчы 22 желтоқсан күні "Интер" мен "Ювентус" арасында "Кинг Сауд" стадионында өтеді.

Бұған дейін "Ювентус" ойыншыларының есімдері жейдеге араб әріптерімен жазылатынын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордына қол жеткізгені белгілі болды.

34 жастағы шабуылшы Италия, Испания, Англия чемпионатында 15 маусым бойы ең кемінде 10 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ересектер арасындағы матчта алғашқы голын салған шабуылшы анасын құшақтап алды (фото)
Mailfire view pixel