RU
Ресейде пойыз вагонының үстіне шығып селфи жасамақ болған жасөспірім көз жұмды

Ресейде пойыз вагонының үстіне шығып селфи жасамақ болған жасөспірім көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Владивосток қаласындағы темір жол вагонының үстіне шығып, селфи жасамақ болған жасөспірім электр тоғына түсіп қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

13 жастағы баланың өмірін қиған оқиғаның 22 желтоқсан күні Қиыр Шығыс темір жолындағы Гайдамак бекетінде болғаны хабарланды.

"Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шегуші байланыс желісінің тіректеріне орнатылған "Абайлаңыз, электр кернеуі!" деген белгіге мән бермей, селфи жасау мақсатында вагонга шыққан", - делінген хабарламада.

Қиыр Шығыс темір жолының деректеріне сүйенсек, бұл жыл басынан бері жасөспірім өлімімен аяқталған үшінші оқиға. 2018 жылы дәл осындай кәмелетке толмағандардың алты өлімі тіркелген.

Еске сала кетсек, Ақтөбедегі теміржол бойында да осындай қайғылы жағдай орын алған болатын. Пойыздың фонында селфи жасап, суретке түскен арулардың бірін пойыз қағып кетіп, ол ауруханада көз жұмған.

Оқиға 4 желтоқсанда сағат шамамен 23:00-де Әуе қалашығы ауданындағы теміржол бойында болған.

Қайғылы жағдайдан кейін Полиция департаменті халыққа жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Мәселен жаяу жүргіншілер тасжолды кесіп өтер кезде көліктің бағыты мен жылдамдығын қарап, тоқтаған кезде ғана қозғалуы тиіс.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel