Выйти
RU

Досымжан Таңатаров шетелдік әншілерге қазақша ән айтқызған Ернар Айдарға риза болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаров Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жеке концертін берген Ернар Айдарға мақтау сөздерін жаудырды. Ол арнайы шақыртылған шетелдік әншілерге қазақша ән айтқызған өнердегі інісіне сүйсінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dossymzhan_tanatarov/ernaraidar_kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/dossymzhan_tanatarov/ernaraidar_kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Өнер иесі Ернар Айдардың әсерлі кеші туралы өз пікірін Instagram желісінде жазды.

"Ел үмітін ақтап түрік еліне танымал Сердар Ортачқа, Азияға танымал Arash-қа, Европаға танымал Oceana сияқты әншілерге қазақша ән айтқызып үлкен концерт бердің. Еліңді жақсы әніңмен, осындай әсерлі кешіңмен қуанта бер інім" , - деп ақ тілегін білдірді Досымжан Таңатаров.

Айта кетейік, бұған дейін Ернар Айдардың концертінен қалмайтын жанкүйер әжеймен арнайы кездескені жайлы жазған болатынбыз.

Әнші ауыр халде жатқан тыңдарманымен де жолыққан еді.

Сонымен қатар, желіде бесік арбамен түскен Ернар Айдардың суреті қызу талқыға түсіп, көпшілік оны әке болды деп болжаған.

Сондай-ақ, Ернар Айдар болашақ жарымен қалай танысқанын айтып берген болатын. Әншінің сөзінше, 2017 жылы жол апатына түскен кезінде үйленуге шешім қабылдаған. Оның айтуынша, әр адамның өміріндегі ең басты нәрсе - отбасы екенін ауруханада жатқанда ұғыпты.

"Әр адамның өміріндегі басты нәрсе - отбасы екенін түсіндім. Омыртқамның сынуынан депрессияға түскен мен дереу үйленуге шешім қабылдадым", - деген еді Ернар Айдар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Досымжан Таңатаров шетелдік әншілерге қазақша ән айтқызған Ернар Айдарға риза болды (видео)
Mailfire view pixel