RU
Промоутер Головкиннің келесі жекпе-жегінің нақты күнін атады

Промоутер Головкиннің келесі жекпе-жегінің нақты күнін атады

Рассказать Вконтакте

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандықтың келесі жекпе-жегі қашан өтетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/gggboxing, /szeremeta_kamil

Фото: instagram.com/gggboxing, /szeremeta_kamil

Қазақстандық кәсіпқой боксшы алдағы жылдың көктемінде міндетті үміткер болып табылатын поляк Камил Шереметамен жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Бұл кездесуде Головкин 5 қазанда Сергей Деревянченкодан жеңіп алған IBF атағын алғаш рет қорғайды. Жекпе-жек АҚШ-тың Чикаго қаласында өткізілмек.

"Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек наурыз айының соңында, дәлірек айтқанда, 28 наурызда өтуі ықтимал", – деп мәлімдеді боксшының промоутері.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шереметаның арасындағы кездесу жоспарланған уақыттан кейінге шегерілгенін хабарлаған болатынбыз. Жекпе-жек уақытының өзгергені туралы Шереметаның промоутері мәлімдеді. Оның сөздерін польшалық RingPolska басылымы жариялады.

Айта кетейік, орта салмақтағы Еуропаның бұрынғы чемпионы поляк Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский клиентінің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген.

"Біз дайынбыз. Камил Шеремета – өршіл спортшы. Ол GGG секілді аңыз боксшымен жекпе-жек өткізуді армандайды. Бұл оның мақсаты", – деді Василевский The Ring басылымына берген сұхбатында.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel