RU

Нюша алғаш рет көпшілікке қызын көрсетіп, оның есімін жария етті (фото)

Ресейлік танымал әнші Нюша бір жыл бойы қызын ақпарат құралдарының назарынан барынша қорғады. Өнер иесі тіпті, тұңғышының есімін осы күнге дейін құпия сақтап келген. Алайда, жаңа жыл қарсаңында жас ана қызын қалың көпшілікпен таныстырып, алғаш рет оның түрін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/nyusha_nyusha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/nyusha_nyusha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нюша сәбиін 2018 жылдың қараша айында дүниеге әкелді. Сол сәттен бері әншінің жанкүйерлері оның қызының түрін көре алмай әлек болған. Олар өнер иесінің тұңғышы кімге ұқсайтынын білгісі келген.

Ресейлік жұлдыздың қызын соншалықты жасыруының себебі көпке беймәлім. Бірі Нюша көз тиюден қорыққанан кейін перзентін көрсетпеді десе, енді бірі ол бар болғаны отбасылық өмірін ел назарына паш еткісі келмейді деген ой түйді.

Қалай болғанда әнші бір жыл бойы қызын ешкімге көрсетпей келді. Өнер иесі анда-санда тұңғышының тек арқасынан түсірілген суреттерін жариялап тұрды.

Жаңа жыл қарсаңында Нюша ауқымды сұхбат беріп, перзенті жайлы бұрын-соңды айтпаған мәліметтермен бөлісті. Анықталғандай, ерлі-зайыптылар қызына Симба деген ат қойған.

Олардың таңдаған есімі желіде аса қызу талқыланды. Оқырмандардың кейбірі аса ерекше таңдаған ата-анаға тәнті болса, тағы бірі оларды қыз баласына сай емес ат қойғаны үшін сынға алған.

Айта кетейік, бұған дейін Нюша он үш жасында продюсер тарапынан азғындық әрекеттерге тап болғанын жайып салған болатын. Ер адам оған толығымен шешінуді талап еткен.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832966-nusa-algas-ret-kpsilikke-kyzyn-krsetip-ony-esimin-zaria-etti-foto.html