RU

Алматылық жігіт метрода қыздармен ерекше кездесу ұйымдастырды

Telegram logo VKontakte logo

Алматылық блогер метрода ерекше кездесу ұйымдастырды. Жас жігіт вагонға ақ дастархан жайып, жолаушыларға тәттімен шай ұсынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан кадр: instagram.com/aslankhamit

Видеодан кадр: instagram.com/aslankhamit: Facebook

"Шын мәнісінде бұл америкалық блогер Elvin Mensah-қа пародия. Ол америкалық метрода осындай кездесу ұйымдастырған. Мұның неге қазақша үлгісін жасамасқа деп ойладым. Шараптың орнына шай қойдым. Біздікілер түсінбей, жай ғана тұрып кете ме деп қорықтым, өте қатты қуандым. Мұны өте жақсы қабылдады. Тек үлкен жастағы адамдар жымимады, ал жастар жақсы жауап қайтарды", - деді Аслан Хамит.

Енді ғана бастап келе жатқан блогердің сөзінше, оның мақсаты қыздармен танысу болмаған. Жас жігіт осылайша алматылықтардың көңілін көтермек болған.

"Қыздар өздеріне ұнағанын айтып, маған алғыс білдірді. Адамдар бұл идеяның қатты ұнағанын жазып, мұның пародия екеніне қарамастан әрі қарай түсіре беруімді сұрауда", - деді Аслан Хамит.

23 жастағы алматылық қаладағы кофеханалардың бірінде бариста болып қызмет етеді. Аслан Хамит бұдан кейін де осындай видеоларды түсіріп, өзінің де, қала тұрғындарының да көңілін көтермек.

Айта кетсек, Колумбия университетіне қарасты дәрігерлер мен хирургтар Колледжінің мамандары ұйқысыздықты тудыратын өнімдерді анықтаған еді.

Зерттеу авторлары өз тамақтану ережесін ашқан 50 мыңнан астам адамның деректерін талдады. Ғалымдардың пікірінше, қант, ақ нан, күріш сияқты өнімдер қандағы қантты жоғарылатады, ал бұл ұйқысыздықтың себептерінің бірі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматылық жігіт метрода қыздармен ерекше кездесу ұйымдастырды