RU

ІІМ алимент төлеуден қашқан жауапсыз әкелерді қамауға алуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі өз балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әкелерді бес тәулікке қамауға алу туралы ұсыныс білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ввввввв

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Бүгін мәжілістегі үкімет сағатында жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сұрақ-жауап барысында депутат Гүлнәр Бижанова алимент бойынша қарызы бар әкелерді іздеу туралы сөз қозғады.

"Бүгінде полиция бөлімдері алимент төлемейтіндерді тұрғылықты мекенжайы бойынша ғана іздейді. 2018 жылы 1864 борышкер әкеге іздеу салынып, оның тек 78-і анықталған, яғни 9 проценті. Қалғандарын іздеу жұмыстары тоқтатылған. Осыған байланысты сұрақ: борышкерлерді іздестіру тетігі неге өзгертілмейді?", - деп сұрады Бижанова. 

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың сөзінше, іздеудің қайда жарияланғанына қарамастан, полиция борышкерлерді елдің барлық аумағынан іздейді.

Борышкер азаматтық-құқықтық қатынастар ісі бойынша жауапты болғандықтан, оларды іздеу қылмыскерлерді іздестіру жолынан өзгеше болады. Яғни, полицейлер арнайы жедел шаралар ұйымдастырып, борышкерлерді ұстай алмайды. Тек сот орындаушыға келуге міндеттейді.

Осыған байланысты ішкі істер министрлігі балаларына алимент төлеуден жалтарған әкелерді бес тәулікке қамауға алуды ұсынып отыр.

"Әкімшілік кодекске жауапкершілік пен азаматтарды ұстау мүмкіндігін енгізу қажет. Сот шешімін орындамағаны үшін жауапкершілікті, мәселен, бес тәулікке енгізуге болады. Осы уақыт ішінде сот орындаушылары борышкермен қажетті шектеу шараларын жүргізер еді. Ол адам да, іс-әрекетінің заңға қайшы екенін түсініп, бір шешімге келер", - деді Қожаев.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ІІМ алимент төлеуден қашқан жауапсыз әкелерді қамауға алуды ұсынды
Mailfire view pixel