RU

Енді елімізде алиментті баланың ата-әжесі төлеуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Балалардың әкесі алимент төлемесе, бұл қарызды ата-әжесінен өндіріп алу ұсынысы талқылануда. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

алимент

Марат Бекетаев. Фото: ehonews.kz

Министрдің айтуныша, ведомство осы бағыттағы зерттеу жұмыстары барысында Италиядағы қызықты тәжірибені саралап көрген.

Бұл елде алимент бойынша борышкер, яғни балалардың әкесі алимент төлемесе, онда Италия заңы бойынша бұл қарызды борышкердің ата-анасының жауапкершілігіне жатқызады екен.

"Яғни, судья: «Егер ата-анасы осындай жауапкершілігі төмен жігітті тәрбиелесе, онда олар баласы үшін алимент төлеуі тиіс» деген уәж айтады. Атап айтқанда, немерелері ата-әжесі үшін бөтен еместігі назарға алынады", - деді Бекетаев Парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында.

Осы орайда министр қазіргі кезде бұл тәжірибені жалпы қоғамда талқылау бастамасы жасалатынын атап өтті.

«Бұл тұрғыда қандай пікір болатынын білгіміз келеді. Кейбіреулер аталған тәжірибе дұрыс еместігін алға тартуда. Олардың ойныша, борышкер өзі жауап беруі тиіс, оның қарызын ата-анасы төлеуге міндетті емес.
Дегенмен де Италияның тәжірибесі қызығушылық тудыруда. Сондықтан оны талқылаған дұрыс болады. Менің ойымша, тиісті заң жобасына осы норманы енгізу керек», - деді ведомство басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрлігі өз балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әкелерді бес тәулікке қамауға алу туралы ұсыныс білдірген болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Енді елімізде алиментті баланың ата-әжесі төлеуі мүмкін
Mailfire view pixel