RU
Домбырамен сурет: Өнер жұлдыздары желіде жаңа челлендж бастады

Домбырамен сурет: Өнер жұлдыздары желіде жаңа челлендж бастады

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес өкілдері жаппай "Домбырамен сурет" челенджіне қатысуда. Оны халық сүйіктісіне айналған Мақпал Жүнісова Ерлан Есқалиден қабылдап, ары қарай өнердегі інілеріне табыстаған. Эстрада жұлдызының сөзін жерге қалдырмай, оның челенджін жалғастырған әртістер кімдер екенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/m_besbaev/sayat_medeuov_888/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/m_besbaev/sayat_medeuov_888/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мақпал Жүнісова челендждін Instagram желісі арқылы Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Тоқтар Серіков, Кенжебек Жанәбілов, Саят Медеуов пен "Жігіттер" тобына жалғастыруды тапсырған.

"Мақпал Жүнісова әпкемнен қабыл алдым. Сіздерге жолдаймын. Домбырамен бір сурет" , - деп жазды Мейрамбек.

"Қазақ пен домбыра - егіз ұғым. Терең тарихымызды күймен көркемдеп көмкерген қасиетті қара домбыра әр ҚАЗАҚтың шаңырағында шертілуі шарт деп ойлаймын. "Домбырамен сурет" атты эстафетаны аяулы Мақпал әпкетайымнан қабылдадым" , - деп оны ары қарай бір топ жәртістерге табыстады Сәке Майғазиев.

Аталмыш эстафетаға қатысқандар арасында Тоқтар Серіков пен Саят Медеуов та бар. Олар да желіде домбырамен түскен суретін жариялап, челенджді өзге адамдарға табыстаған.

Мақпал Жүнісованың тапсырмасын әзірге тек Кенжебек Жанібілов пен "Жігіттер" тобы ғана орындамаған.

Сонымен қатар, ұлттық аспапты ұлықтаған желідегі үрдісті өзге де өнер адамдары жалғап әкеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевты жер-көкке сыйғызбай мақатаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel