RU
Денсаулық сақтау министрлігі мәйіттерге қатысты қауесетке жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі мәйіттерге қатысты қауесетке жауап берді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ұсынылған жаңа енгізулер туралы жалған қауесетке жауап берді. Оған сәйкес, 10 күн ішінде тұлғасы анықталмаған мәйіттер медициналық зерттеулерге беріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазнеттегі анықталмаған мәйіттерге қатысты жалған ақпарат туралы хабарлады.

"Егер сіз анықталмаған мәйіт болсаңыз, жақындарыңыздың сізді танып, беруді талап етуге бұрынғыдай 45 емес, 10 күні ғана бар.
Ал үлгермесе, биомедициналық зерттеулерге арналған сый боласыз", -делінген желіде тарап жүрген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінде мәлімдегендей, денені анотомиялық сыйға беру мерзімі ҚІЖК-де жазылған.

Әділет министрлігі ақпаратына сәйкес, Қазақстанда мәйіттерді анықтау мерзімі өзгермейді, оны тек 45 күннен 40 күнге азайту жоспарлануда.

"Анатомиялық сыйға тек анықталмаған және туыстары жоқ адам мәйіттері беріледі. Олар денсаулық сақтау ұйымдарына түседі. Ол тек сот сараптамасы ғана емес, паталогоанатомиялық бюро.
Бұл жағдайларда мәйіттер анатомиялық сый ретінде оқу-зерттеу мақсатында университеттерге беріледі.
Бұрын 2009 жылғы кодекс бойынша мерзім 45 күн болған. Яғни, 30 күн сараптамаға, 10-15 күн құжат рәсімдеуге берілген.
Қазір (ұсынылған жаңа кодексті есепке алғанда) біз сот сараптамасы бұрынғыдай 30 күн болатынын, ал құжат рәсімдеу 10 күнге қысқартылғанын айттық, себебі ол жеткілікті",- деді Әділет министрлігінде.

Одан бөлек, Әділет министрлігі көрсетілген мерзімдерге қарамастан, Қазақстанда мәйіттерді зерттеуге беру тәжірибесі жоқ екенін мәлімдеді. Соңғы 10 жылда мемлекетте анықталмаған мәйітті университеттерге беру жағдайы тіркелмеген.

Айта кетейік, Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Балнұр Бағдәулет осыдан сегіз жыл бұрын жоғалып кеткен туған ағасына іздеу салады. Балнұрдың ағасы Жамантықов Бағланбек Бағдәулетұлы Алматыдағы жұмысынан Шымкентке келе жатқан бетте хабарсыз кеткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel