Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесі өзін өлтіруді сұраған: Қостанай облыстық соты қылмыскер әйелді босатты

Опубликовано:

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында Қамысты ауданының 49 жастағы тұрғыны Лариса Пурикке қатысты іс қаралды. Психикалық ауруына байланысты екінші топтағы мүгедек болып табылатын ол Алтынсарин ауылында бірге тұрған әкесі Анатолий Тихоненконы өлтіргені үшін айыпталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ер адам биыл 12 мамырда қайтыс болған.

"Үйге ер адамның осы ауылда тұратын тағы екі қызы келіп, жергілікті учаскелік инспектор мен медициналық қызметкерді шақырған. Туыстары марқұмның табиғи өліммен көз жұмғанын алға тартқан. Алайда, соған қарамастан, қызметкерлер оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырған. Аудандық мәйітханада марқұмның денесін сою арқылы оның оқ жарақатынан қаза тапқаны анықталды", – деп мәлімдеді судья Алтынай Сағындықова.

Істің материалдарына сәйкес, қызметкерлер үйге барғанда Тихоненканың үстінде киімі болған. Денесінде қанның іздері болмаған. Тек, мәйітханаға апарғанда оның кеудесінде жапсырма бары анықталды. Ол оқ жарақатын жауып тұрған.

Ер адамның өкпесі мен жүрегін бытыра оқтары тесіп өткен. Осыдан кейін "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Белгілі болғандай, Тихоненко соңғы кездері қатты ауырған. Дертінің әсерінен үнемі қатты азапталып, тіпті, өз-өзіне қол салуға деген ниетін бірнеше рет білдірген екен.

Соттың деректеріне қарағанда, ол психикалық ауытқуы бар қызынан бұл ойын іске асыруға көмектесуін сұраған.

Алматы облысындағы арнайы мекемеде жүргізілген психиатриялық сараптама Лариса Пуриктің психикалық жағдайын растады.

"Сот Лариса Пурикті ҚР ҚК-нің 99 бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмысты ессіз күйде жасаған деген шешім шығарды. Оны қылмыс жасау кезінде ессіз күйде болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға шешім қабылданды", – делінген сот үкімінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833017-kesi-zin-ltirudi-sragan-kostanaj-oblystyk-soty-kylmysker-jeldi-bosatty/

pixel