RU
Қазақ тарихы мен хандары туралы видео түсірген жастар көпті тәнті етті

Қазақ тарихы мен хандары туралы видео түсірген жастар көпті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Биыл ғана құрылған «QazaqstanTeam» Республикалық жастар ұйымы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында желіде ерекше челлендж бастады. Талантты жастар желтоқсан айы басталғалы Қазақ хандығының негізін қалаған және ел билігінде болған хандар туралы түрлі ақпарат айтып, видео түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

тиммсс

Фото: instagram.com/qazaqstanteam

#Тәуелсіздік28 және #Independense28 хэштерімен таралған эстафетаға белсенді жастар және мектеп оқушылары да қатысып, өз білгендерімен бөліскен.

Патриоттық челлендждің мақсаты - тәуелсіздік алғанға дейін талай зұлмат пен нәубетті басынан кешірген қазақ халқының өткен тарихына шолу жасау, әр тұста қазақ хандығын билеген хандар мен елдің қалыптасуы жолында жасаған еңбектерін ұрпаққа жеткізу.

Челленджге қатысушылар осы мақсатта әр тұлғаға жекелей тоқталып, өзі басқарған тұстағы саяси өзгерістер мен жетістіктерді, ерліктері мен оң шешімдерін қазіргі буынға жаңа медиа арқылы насихаттады. 

"Біз Тәуелсіздікке бір күнде жете салған жоқпыз. Қаншама қиындықтар мен түрлі саяси шешімдер болды. Біздің қалыптасуымыз, заңдарымыз бен эконимикалық тұрақталымыз хандық кезеңде басталған.
Осыны біз жас буынның құлағына құйып, бойына сіңіруіміз керек. Олар Керей мен Жәнібектің қалай хандық құрғанын және Қасым мен Тәукенің қалай заң қалыптастырғанын білуі керек. Осы ниетпен мол ақпаратқа толы челледжді бастаған болатынбыз" - дейді «QazaqstanTeam» жетекшісі Асхат Садырбай.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы метросында кенеттен ақ дастархан жайып, жолаушыларға тәттімен шай ұсынған блогер жігіт туралы жариялаған едік.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel