RU

Өскеменде "шыршаны безендіру" үшін үйге кірген ер адам қарияны алдап соқты

18 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне 77 жастағы қария хабарласып, арыз берген. Ол алаяқтың үйін тонап кеткенін мәлімдеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тәртіп сақшылары 12 желтоқсан күні зейнеткердің үйіне көршісі келгенін анықтады.

Ол қарияның үйіне шырша әкеліп, оны безендірмек болыпты. Алайда кейуана бөлмеден шығып кеткенде, ер адам оның төсегінің астына жинаған 60 мың теңгені ұрлап кеткен.

Осылайша полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде аз уақыт ішінде қаланың 44 жастағы, жұмыссыз тұрғыны ұсталған.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындағанымен, ұрланған ақшаны жұмсап қойғанын айтыпты.

Десе де күдіктіге қатысты сотқа дейінгі жұмыстарды тоқтатуға тура келген. Себебі зейнеткер ер адамды кешіріп, арызын қайтып алыпты.

Қазіргі таңда ер адам ішкі істер бөлімі тізіміне енген.

Еске саларлығы, қарияны алдап кеткен оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кетті. Дәл осыған ұқсас жағдай өткенде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында тіркеліп еді. Онда көршісі зейнеткердің баяқшасынан 300 тал гүл ұрлап, базарда сатып жіберіп еді.

Сондай-ақ, бүгін әділет министрі зейнеткерлерге қатысты тағы бір күтпеген мәлімдеме жасады. Ол балалардың ата-аналары төлемей жүрген алиментті, олардың ата-әжелері төлесін деген ұсыныс айтты. Ведомство басшысының айтуынша мұндай тәжірибе Италияда қолданысқа енгізілген екен.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833049-skemende-syrsany-bezendiremin-degen-er-adam-j-iesin-aldap-sokkan.html