Выйти
RU

Тоқаев бас прокурор Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ааааа

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: Instagram

Кездесу барысында бас прокурор Қазақстан президентіне қадағалаушы орган жұмыстарының қорытындылары, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады.

Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Президентке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және қылмыстық процеске цифрлық технологияны енгізу туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Естеріңзіге сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне барды.

Мемлекет басшысы оқу орнының білім беру және ғылым-зерттеу жұмыстарымен танысты, сондай-ақ, оқытушылармен, студенттермен әңгімелесті.

5 жыл ішінде жоғары оқу орнының ғалымдары бидай мен арпаның құрғақшылыққа төзімді жаңа сорттарын шығарған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев бас прокурор Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді