RU

Алматы облысының полицейлері 16 жастағы қызды іздеу үшін көмек сұрады (фото)

Telegram logo VKontakte logo

21 желтоқсанда 16 жастағы Гүлжан Мырзатқызының ата-анасы қыздарының жоғалғаны туралы арыз жазып, Еңбекшіқазақ ауданының полициясына жүгінген. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлжан Мырзатқызы. Фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Гүлжан Мырзатқызы. Фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі: Facebook

"Кәмелетке толмаған қыз Аймен ауылында тұрады, Есік экономикалық-педагогикалық колледжінде білім алады. Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Оларға облыстың жедел қызметкерлері де қосылды", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қыздың бойы – 165 сантиметрге жуық, дене бітімі – арық. Үстінде қара куртка, басында тоқылған сары бас киім болған.

Құқық қорғаушылар Гулжан Мырзаткызы туралы қандай да бір ақпарат білген адамдарды мына нөмірлерге хабар беруді сұрайды: 8 (778)333-10-11, 8(702)715-21-20, 8(7282)60-80-08 немесе 102.

Еске сала кетейік, қараша айының соңында Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы балалар үйінен кәмелетке толмаған – 16 жастағы Дарья Максимова мен 13 жастағы Мишель Лавриенко қашып кетіп, оларға іздеу салынған болатын.

Сондай-ақ өткен айда Жамбыл облысының Шу ауданы Жаңакөл ауылында туыстары жас жігітті алты күннен бері іздестіріп жатқанын хабарлағанбыз. Ол түс кезінде үйден шығып, сол күйі қайта оралмаған.

Жігіттің таныс қызы оның достарымен бірге өзен жағасында уақыт өткізгенін, кейін басқа жаққа кетіп, сол күйі із-түзсіз жоғалғанын мәлім етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматы облысының полицейлері 16 жастағы қызды іздеу үшін көмек сұрады (фото)