RU

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

рахмо

Фото: Ақорда, aif.ru. Коллаж: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері барлық сала бойынша екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада сындарлы ықпалдастық орнатқанын айтты.

Мемлекеттер басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылай отырып, 2020 жылы Қазақстан астанасында кездесуге уағдаласты.

Естеріңзіге сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне барды.

Мемлекет басшысы оқу орнының білім беру және ғылым-зерттеу жұмыстарымен танысты, сондай-ақ, оқытушылармен, студенттермен әңгімелесті.

Соынмен қатар, президент бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Кездесу барысында бас прокурор Қазақстан президентіне қадағалаушы орган жұмыстарының қорытындылары, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Mailfire view pixel