Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қырғыз режиссерінің отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз режиссері Болот Шамшиевтің отбасына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Болот Шамиев. Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
Болот Шамиев. Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков: Instagram

Қазақстан Президенті қырғыз халқының аса көрнекті режиссері Болот Шамшиевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Болот Төленұлы әлемдік кино өнерінде өшпес із қалдырды. Ол екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосты. Ол сахналаған қазақ әдебиеті мен драматургиясы классиктерінің шығармалары Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының ортақ мәдени мұрасына айналды. Болот Шамшиевтің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады деп сенемін", – делінген жеделхатта.

КСРО мен Қырғызстанның халық әртісі Болот Шамшиев 21 желтоқсан, сенбі күні Бішкекте 78 жасында қайтыс болған.

Sputnik Қазақстанның жазуынша, Болот Шамшиев 1941 жылы 12 қаңтарда Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек) дүниеге келді. 1959 жылға дейін Фрунзе көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясында дыбыс режиссерінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1959-1964 жылдары ВГИК-тің режиссерлік факультетінде оқыды.

1964 жылдан 1990 жылға дейін – "Қырғызфильм" киностудиясының қоюшы режиссері.

Режиссер "Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері", "Қасқырдың апаны", "Ақ кеме", "Ерте қайтқан тырналар" сынды фильмдерінің арқасында бүкілодақтық даңққа бөленді.

Қырғызстан тәуелсіздігі тұсында Шамшиев фильм түсірмеді. Бірақ ол кітап жаза бастады. Петропавлдағы екі театрда кеңесші болып жұмыс істеді.  

1989-1995 жылдардағы Қырғызстан парламентінің депутаты. 1998-1999 жылдары Қырғызстан спорт және туризм агенттігін басқарды. 1995-2000 жылдары Қырғызстанның БАӘ-дегі елшісі қызметін атқарған.

Болот Шамшиев КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833076-tokaev-kyrgyz-rezisserini-otbasyna-kil-ajtty/

pixel