RU
Үйіңізге ақша, береке шақырып, сәттілік әкелетін бөлме гүлдерін білесіз бе

Үйіңізге ақша, береке шақырып, сәттілік әкелетін бөлме гүлдерін білесіз бе

Рассказать Вконтакте

Барлық адамды қалай ақша тапсам, қалай берекемді еселесем деген сауалдар мазалайтыны анық. Әсіресе, ғажайып мереке жаңа жыл қарсаңында бәріміз жақсы өзгерістерді күтеміз. Осы ретте KAZ.NUR.KZ порталы Рамблерге сілтеме жасап үйіңізге сән беріп қана қоймай, берекеңізді де арттыратын бөлме гүлдерін анықтап көрді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ақша гүл (жасаңшөп)

Бұл гүлдің ақшаны магнитше тартатын ерекше қабілеті бар. Аталмыш бөлме өсімдігі үйге ақша, байлық әкеліп, мансабыңызда жоғарылауға көмектеседі. Өсімдіктің қасиетін арттыру үшін оны қызыл түсті ыдысқа отырғызып, түбіне тиын тастап қойыңыз.

Ақша гүл. Фото: pixabay.com

Ақша гүл. Фото: pixabay.com

Драцена

Бұл өсімдік нағыз ғажайыптарды жасайды. Шаңырағыңызға тек қаржылық тұрақтылық қана емес, денсаулық пен берекені ала келеді. Егер оның иесі қаржылық жағдайының жақсы болғанын қаласа, онда гүлдің бес сабағы болуын бақылаған жөн. Одан бөлек өсімдікті оңтүстік-шығысқа, оңтүстікке не шығысқа қарайтындай етіп орналастыру керек.

Драцена. Фото: pixabay.com

Драцена. Фото: pixabay.com

Лимон ағашы

Ерте заманнан бері бұл бөлме гүлінің сиқырлы күші бар. Лимон ағашы кіріс әкелгенін қаласаңыз, онда оның жапырақтарын күн сайын сүртіп, тазалаған абзал.

Бұл гүл тек ақша емес, сәттілікті де әкеледі. Лимонның қуатын арттыру үшін, оны отырғызған соң пайда болған ақшаның бір бөлігін мұқтаж жандарға беру керек.

Лимон ағашы. Фото: pixabay.com

Лимон ағашы. Фото: pixabay.com

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel