RU

Елордада аққалаларға "шабуыл жасаған" жігіт халықтан кешірім сұрады (видео)

Елорданың тәртіп сақшылары астанадағы Ботаникалық бақта тұрғызылған аққалаларға "шабуыл жасаған" азаматты анықтады. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖОО-лардың бірінде білім алатын 20 жастағы студент болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Нұр-Сұлтан ПД, Видеодан кадр: instagram.com/v_astane_official
Фото: Нұр-Сұлтан ПД, Видеодан кадр: instagram.com/v_astane_official: UGC

Елордалық полицияда "аққалалар әскеріне" үш күн бұрын, 20 желтоқсан күні "шабуыл жасалған".

Тәртіп сақшылары "шабуыл жасаған" азаматтың тұлғасын анықтап үлгерді. Ол 20 жастағы студент болып шықты.

Енді жас жігіт өз әрекеті үшін жауап береді. Оған ұсақ бұзақылығы үшін хаттама толтырылды.

Ал астаналық жігіт халық алдында кешірім сұрап, видеоүндеу жолдаған. Ол өзі құлатқан "қарлы әскерді" қайта тұрғызатынын айтып отыр.

Айта кетейік, елорда тұрғындары нағыз "аққала әскерін" салып жатыр. Ботаникалық бақта қардан жасалған мүсіндер толып үлгерген. Ал Нұр-Сұлтан әкімді астаналықтарды "әскерді" толтыруға шақырған болатын.

Ал күні кеше бұзақы тұрғынның видеосы желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Онда жас жігіттің қолмен соғылған аққалалардың тас-талқанын шығарғанын анық көруге болады.

Жазба авторының айтуынша, ол аққалаға "шабуыл "жасаған видеосын паблик иесімен бөліскен екен.

"Біздің оқырман осы аққалаларды соққан еді. Енді мына видеоны көріп, жігіттердің әрекетіне қынжылып отыр. Өте аянышты", - деп жазған жазба авторы.

Ботаникалық бақта аталмыш аққалалардан бөлек шырша да тұрғызылған еді. Саябақ өкілдері қала тұрғынының аққаланы тұрғызу ісі жалғасын табады деп сенген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833112-elordada-akkalalarga-sabuyl-zasagan-zigit-halyktan-kesirim-srady-video.html