RU

Геннадий Головкин әлем чемпионымен ғаламат кездесу өткізуі мүмкін

Telegram logo VKontakte logo

23 желтоқсан күні жапониялық чемпион Риота Мурата мен канадалық Стивен Батлердің арасында жекпе-жек өтіп, алғашқысы өз атағын қорғады. Турнирден кейін жапониялықтың жарнама агенті келесі кездесу жайлы жоспарларымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing: Twitter

Боксшының алдағы жоспарлары жайлы Мурата промоутерінің бірі Боб Арум мәлімдеді.

Оның сөзінше, соңғы турнирдегі жеңістен кейін жапониялыққа қарсылас ретінде қазақстандық чемпион Геннадий Головкин немесе мексикалық боксшы Сауль Альварес ұсынылуы мүмкін деп хабарлайды Sports.kz.

Жапониялық спортшы өкілдері келесі кездесуді "Tokyo Dome" атты 55 мың адамға арналған үлкен стадионда ұйымдастыруды жоспарлауда.

Арумның хабарлауынша, қос боксшыға да ұсыныс жіберілген. Екі спортшы да Жапонияға барып, маңызды оқиғаға қатысуға қарсы емес екенін мәлімдепті. Ал промоутер бұл идеяға қуанышты және барлығын ұйымдастыру мүмкін боларына сенеді.

Айта кетейік, 33 жастағы Риота Мурата аңызға айналғанWBA бокс қауымдастығының нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы болып табылады. Ол барлық бокс қауымдастықтарының ішінде ең көнесі және өз қамқорлығымен әлемдік деңгейдегі турнирлер өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейлік аралас жекпе-жектің жұлдызы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанның мәдени астанасының қонағы атанды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде алматылық футболшы мен ресейлік спортшының бірлескен суреттері жарияланғаннан кейін белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Геннадий Головкин әлем чемпионымен ғаламат кездесу өткізуі мүмкін