RU
Еңбек министрлігі қызметкерлері түгелдей жаңа жылдық кешті тойлаудан бас тартты

Еңбек министрлігі қызметкерлері түгелдей жаңа жылдық кешті тойлаудан бас тартты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері жаңа жылдық корпоративті кештің орнына табысы аз және көпбалалы отбасылардан шыққан 300 балаға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға арналған жаңа жылдық таңертеңгілік өткізбекші деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек министрлігі жаңа жылдық кештің орнына 300 баланы қуантпақшы

Біржан Нұрымбетов. Фото: NUR.KZ

Еңбек министрлігінің ұжымы мұқтаж отбасылардың балаларына таңертеңгілікті және сыйлықтарды ұйымдастыруға ерікті түрде ақшалай қаражат жинады

«Біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істейміз. Біздің ұжымның әрбір қызметкері көмекке және әлеуметтік қолдауға мұқтаж қазақстандықтардың өмірін жақсартуға өз үлесін қосады. 
Бұл қайырымдылық акциясы биылғы жылы жұмысымыздың жақсы аяқталуы болады деп есептеймін!  Ал, балаларға мереке сыйлау – игі іс», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Жаңа жылдық ертеңгілікке шақырылатын балалардың тізімін Еңбек министрлігінің қызметкерлері елордалық әкімдіктің мамандарымен бірлесіп жасады.

Оған табысы аз, көпбалалы отбасылардан шыққан 300 бала, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар кірді.

Мерекелік шара 29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді. Балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге шыршаның айналасында билеп, «Ақ патшайым» театрландырылған қойылымын тамашалап, сыйлықтар алады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel