RU

Өскеменде балаларын аязда қалдырған келіншекке қатысты іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Өскеменде ағасы мен қарындасы аязда көшеде қалып қалды. Ауруханаға түскен балаларға ақ халаттылардың жедел көмегі қажет болды. Ал қазірде бүлдіршіндерді "ұмытып кеткен" келіншек табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Балалардың анасы бағбандық қоғамдардың бірінде тұратын болып шықты. "Еуразия" бірінші арнасының тілшілерімен сөйлескен ол балаларды ешкім мазаққа айналдырмағанын түсіндірді.

Еленаның айтуынша, бүлдіршіндердің далада қалуына уақытша қарай тұруға келіспеген көршісі себепкер болған. Ол 9 жастағы Данил мен оның 1,5 жасар қарындасын үйден қуып шыққан.

Келіншектің сөзінше, ол көмекке біреуді шақырмақ болған. Бірақ, кімді және қалай екені есінде жоқ. Балалар ауруханаға түскен күні әйел мас болғанын айтады. Ал бүлдіршіндердің тағдыры жайлы бірге тұратын азаматы екеуі жаңалықтардан білген екен.

БЦП-мен ауыратын Данил тәртіп сақшыларына үйге оралғысы келмейтінін айтқан. Ал Еленамен кездескен құқық қорғау органдары қызметкерлері келіншекке баласының мәлімдемесін жеткізіпті. Елена да балаларын балалар үйіне өткізуге қарсы емес.

Құқық қорғау органдары балалары аязда ажал құша жаздаған жанұяның есепке алғанын мәлімдеді. Ал келіншек бала тәрбиесі бойынша өз міндетін орындамаған деп танылды.

Одан бөлек, Еленаның үстінен "Балаларды қауіпті жағдайда қалдыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары балалардың денесінде азаптау белгілері байқалмағанын айтады. Дегенмен, олардың тұратын үйі өмір сүруге қауіпті. Полицияда Еленаны ата-ана құқығынан айыруға байланысты жұмысты бастап кетті.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі өз балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әкелерді бес тәулікке қамауға алу туралы ұсыныс білдірді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскеменде балаларын аязда қалдырған келіншекке қатысты іс қозғалды
Mailfire view pixel