RU

Алматыда жанармай бекетінің кассирін танысы 40 мың теңге үшін пышақтаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда жанармай бекетінің кассирін пышақтап, кассадағы ақшаны қолды қылған. Бірақ күдікті алысқа ұзамай қолға түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

кассир

Көрнекі фото: pixabay.com

Қыруар ақшаны көздеген қаскөй кассирдің жақын танысы болып шықты. Бекет қызметкері зардап шеккен әріптесінің әрекетін барынша түсіндіруге тырысты.

"Ана кісіден тамақ сұраған. Ол сосын тамақ жылытып берген. Кінәсі сол", - дейді жанармай құю бекетінің қызметкері Қарлығаш Шайдарова.

Бірақ полиция қызметкерлерінің ақпараты басқа.

Тәртіп сақшылары кассир мен қаскөйдің бөтелкелес болғанын айтады. Сол күні екеуі әдет бойынша ішімдік ішкен. Сол жерде күдікті танысынан ақша сұрапты.

Ал қарызды ала алмаған соң тамағынан, шүйдесінен екі мәрте пышақ сұққан.

40 мың теңгемен ізін суытқан күдікті көп уақыт өтпей ұсталып, қамауға алынды. Ал жарақат алған кассир ауруханада жатыр.

Дәрігерлер 54 жастағы азаматтың бір ажалдан аман қалғанын айтады. Өйткені пышақ күре тамырына бір миллиметр ғана жетпей қалыпты.

"Бізге ауыр жағдайда келіп түсті. Шұғыл түрде ота жасадық. Қазір жағдайы қалыпты. Бір аптадан соң үйіне жібереміз", - деді хирург Арсен Семенов.  

Естеріңізге сала кетсек, Өскеменде 77 жастағы көршісінің үйіне "шырша құрамын" деп кіріп, тонап кеткен азамат туралы жазған болатынбыз. Кейуана бөлмеден шығып кеткенде, ер адам оның төсегінің астына жинаған 60 мың теңгені ұрлап қашқан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жанармай бекетінің кассирін танысы 40 мың теңге үшін пышақтаған
Mailfire view pixel