RU

"Тегіңді аңсадым": Жақында отау құрған Тәуекелді бір топ қалыңдық қоршап алды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім биыл өмірлік жарын тапқанын жария етіп, талай арудың жүрегін жаралағаны анық. Алайда, ол сылқымдар да үнсіз қалмай, отау құрып кеткен сері жігітке деген өкпе-ренішін білдірген. Бұл әрекетін олар өнер иесі "Қызық премия" сахнасында жүлде алып жатқанда іске асыруды жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Instagram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған бейнежазбадан Тәуекел Мүсілімнің бір топ бойжеткеннің арасында тұрғанын көруге болады. Ең қызығы, қыздардың барлығы қалыңдық көйлегін киіп алған.

Олар мерекелік шара кезінде марапатқа ие болған Тәуекелді ыңғайсыз жағдайға қалдырып, оның үйленіп кетуіне қатысты ренішін білдірген. Арулар актер жарының орнында өздері де болғысы келгенін де жасырмай айтты.

Бір топ қалыңдық шоу-бизнес серісіне деген ренішін өлең шырқай жеткізуді ұйғарды. Олар Айқын Төлепбергеннің "Асылым" әнінің сөзін өзгертіп, онда өз мәтінін енгізген.

Бұл уақытта Тәуекел Мүсілім басын салбыратып, жерге қарап ұялып тұрғандай кейіп танытқан.

Желідегілер аталмыш видеоны қызу талқылап, оған қатысты пікірлерін қарша жаудырды.

"Шығармайтындары жоқ", "Қатырасыздар сіздер де, Тәуекел ұялып қалған сияқты" , "Мына қыздар батыл екен" , "Үйленгені үшін ыңғайсыз жағдайға қалдырыпты негізі" , - деп жазуда көпшілік.

"Қызық премия - 2020"-ның толық нұсқасын Марат Оралғазиннің Youtube арнасынан көре аласыздар.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің шаңырақ көтергенін хабарлаған болатынбыз. Сері жігіт ақыр-соңы ұзақ уақыт бойы іздеген жанын кезіктіргенін жеткізді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тегіңді аңсадым": Жақында отау құрған Тәуекелді бір топ қалыңдық қоршап алды
Mailfire view pixel