RU

Нұр-Сұлтан әуежайында 1,7 млрд ұрланған: Төраға орынбасары жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда "Астана Халықаралық әуежайы" АҚ -дағы ұрланған ақша ісі бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аталған істе компанияның бұрынғы бас бухгалтері Әлия Бабашева күдікті болып отыр. Ал басқарма төрағасының орынбасары ақша жымқыру фактілеріне байланысты түсініксіз жағдайда жұмысынан айырылып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қылмыстық іс 1,7 млрд теңгенің ұрлану фактісі белгілі болғаннан кейін кейін қозғалды.

Аталған қылмыстық әрекетке қазір жұмыстан қуылған бас бухгалтер күдікті болып отыр. Одан бөлек, басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Мыңжасов та қызметінен қуылды.

Дегенмен, басылымда еңбек шарты бұзылған соң Мыңжасовқа бірнеше миллионды құрайтын өтемақы төленгенін хабарлады. Ал әуе айлағының тікелей басқарма басшысы Рәділбек Әдімолда өз лауазымын сақтап қалған.

Аталған мәселенің анық-қанығын білу үшін газет редакциясы ИИДМ басшысы Бейбіт Атамқұловқа ресми сұраныс жолдады.

Өз кезегінде ведомство Мыңжасовтың жұмыстан қуылғанын растады. Аталған шешімді директорлар кеңесі қабылдаған. Одан бөлек, министрлік компанияның бұрынғы қызметкері мемлекеттің еңбек заңнамасына сәйкес өзіне тиісті өтемақы алғанын хабарлады. Дегенмен, оның нақты мөлшерін көрсеткен жоқ.

Министрлік әуе айлағының бірінші жетекшісі қатаң сөгіс алғанын да мәлімдеді.

Қылмыстық іс материалдарында ақша 2016 жылдан 2019 жылға дейін бірнеше жыл бойы ұрланғаны айтылған.

Алайда, жұмыстан қуылған Мыңжасов өз қызметіне 2018 жылы ғана келген. Ол уақытта басшылық қызметте жүрген Әдімолданың бухгалтерия жұмысын бақылауға шамасы жеткен еді.

Басылым хабарламасында қазіргі бірінші жетекші аталған лауазымға 2017 жылы тағайындалғаны айтылған. Оған дейін ол төраға орынбасары қызметінде болған.

Газет редакциясы неге компанияда бір жылдан аса уақыт қана жұмыс істеген және қаржылық алаяқтық жасалған барлық уақыт аралығында бухгалтерия есебін бақылауға мүмкіндігі болмаған қызметкердің жұмыстан қуылғанын түсіне алар емес.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан әуежайында 1,7 млрд ұрланған: Төраға орынбасары жұмыстан қуылды
Mailfire view pixel