RU

Шымкентте отбасылық жанжал соңы қанды оқиғамен аяқталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның үшінші мегаполисінде қарапайым отбасылық жанжалдың соңы қанды оқиғаға ұласты. Ұрыс-керіс кезінде күйеуі әйелін бірнеше рет пышақтаған, артынан суицид жасауға талпынып, өз-өзін бауыздап жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: Otyrar.kz

Оқиға орны. Фото: Otyrar.kz

Оқиға 23 желтоқсан күні түстен кейін орын алды.

Otyrar.kz мәлім еткендей, куәгерлер бірінші қабаттағы пәтерде әйел адамның айқайлағанын, артынан көмекке шақырғанын естіген. Бірер сәттен кейін олар қансыраған келіншектің терезеден шығып, қашуға талпынғанын көрген.

Оқиға орнына келіп жеткен Шымкент құқық қорғау органдарының қызметкерлері отбасылық жанжал кезінде ер адамның өз әйелін бірнеше рет пышақтағанын анықтады.

Дереккөздің ақпарынша, содан кейін ер адам суицид жасауға талпынып, сол пышақпен өз-өзін бауыздап жіберген. Нәтижесінде екеуі де ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелі мен күйеуі де көп қан жоғалтқан.

Бұл отбасының екі бала тәрбиелеп отырғаны, ал күйеуінің еш жерде жұмыс істемейтіні білгілі болды. Көршілерінің айтуына қарағанда, олардың үйінде ұрыс-керіс жиі болып тұратын көрінеді.

Еске сала кетейік, қазан айында елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген. Сұмдық жағдай қала іргесіндегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы аялдамада болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте отбасылық жанжал соңы қанды оқиғамен аяқталды (фото)
Mailfire view pixel