RU

Жолдағы толассыз апаттар: Мамин министр мен әкімдерге тапсырма берді

Telegram logo VKontakte logo

Үкімет басшысы Асқар Мамин ауа райының бұзылуына байланысты әкімдіктер мен министрліктерге жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

мамин

Асқар Мамин. Фото: inbusiness.kz: Facebook

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 16-22 желтоқсан аралығындағы жол қауіпсіздігінің жағдайы туралы баяндады.

СІМ басшысының сөзінше, өткен аптада ауа райына байланысты жолдағы жағдай қуантарлық болмаған.

Күннің күрт жылып кетуі салдарынан өңірлерде қар мен жаңбыр жауып, 11 облыста жол жабылды.

"БАҚ және SMS арқылы жолға шықпау туралы хабарлама таратылды. Бірақ осы ескертулерге қарамастан, көптеген жүргізуші жолға шықты. Министрліктің жедел мәліметінше, 16-22 желтоқсан аралығында елде 104 жол апаты тіркелді. Салдарынан 39 адам көз жұмып, 158-і түрлі жарақат алды", - деді Тұрғымбаев.

Ол республиканың 8 облысында ауа райы әлі де босла құбылмалы екенін алға тартты.

  • Олар: Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
"Осыған орай, облыс әкімдерін жағдайды бақылауға алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірге күш жұмсауға шақырамыз", - деді министр.

Ішкі істер министрінің баяндамасынан кейін премьер-министр Асқар Мамин құзырлы органдарға жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

"Болжамдарға сенсек, алдағы уақытта ауа температурасы төмендейді. Осы ретте жолдағы жылыту және тамақтану пунктері дайын болуы керек.

Өңірлердің әкімдіктері осы мәселені бақылауда ұстауы тиіс. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" компаниясы жолдарды қар мен мұздан тазарту үшін техниканы барынша тартуы тиіс.

Ішкі істер министрлігі автожолдарда кезекшілік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырсын", - деді үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 16-22 желтоқсан аралығында Қазақстан жолдарында 104 жол-көлік оқиғасы тіркелгені туралы хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жолдағы толассыз апаттар: Мамин министр мен әкімдерге тапсырма берді