RU
Дубайдағы көрмеге Қазақстан 9 млрд теңге жұмсамақшы: Министр жауап берді

Дубайдағы көрмеге Қазақстан 9 млрд теңге жұмсамақшы: Министр жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның 2020 жылы Дубайда өтетін "ЭКСПО" көрмесіне қатысу үшін ел бюджетінен 9 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінбек. Үкімет кулуарында қаржы министрі Әлихан Смайылов аталған соманың қандай мақсатта жұмсалатынын түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: archdaily.com

Фото: archdaily.com

Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстан үкіметі негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемін ұлғайтуды және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 2019 жылғы 24 миллиард доллардан 2025 жылы 34 миллиард долларға дейін арттыруды көздеп отыр. Осылайша, ел билігі Қазақстанға жыл сайын қосымша 10 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартуға ниетті.

"Біз 10 миллиард доллар инвестиция тартқымыз келеді. Бұл үшін бізге Дубайдағы "ЭКСПО" көрмесіне қатысу қажет. "Мүмкіндіктер" технологиялық кластері аясында Қазақстанның ұлттық павильоны болады. Оны әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған көптеген инвесторлар аралайды. Уақытша нысандарды тұрғызу үшін 8,8 миллиард теңге немесе 22 миллион доллар бөлініп отыр", – деді Смайылов.

Министр павильонның арқасында елге қосымша шетелдік инвестиция құйылса, жаңа өндірістер, жұмыс орындары мен салық есебінен бюджеттен бөлінген ақшаның орны толтырылатынын атап өтті.

"Сол себепті көрмеге қатысу – өте маңызды, ақша да осы мақсатта бөлінді", – деп түсіндірді ол.

Ведомство басшысы павильон "ұлттық" болғандықтан, қаражат республикалық бюджеттен қарастырылғанын жеткізді.

Кезекті бүкіләлемдік "ЭКСПО" көрмесі Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтеді. Көрме жарты жылға, 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар Дубайдағы қонақ үйлердің саны 2020 жылға дейін екі еселенетінін болжаған еді. 2012 жылы олардың саны 80 мың болса, "ЭКСПО" көрмесі қарсаңында 140-160 болады деп күтіліп отыр.

Сіздің реакцияңыз
12
3
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel