RU
"Тальгодағы зорлау ісі": Қостанайда жолсеріктерге қатысты жаңа үкім оқылады

"Тальгодағы зорлау ісі": Қостанайда жолсеріктерге қатысты жаңа үкім оқылады

Рассказать Вконтакте

Қостанайда "Тұлпар-Тальго" пойызында жолаушы қызға зорлық көрсеткен екі жолсерікке қатысты атышулы сот процесі бітуге жақындап қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Екі тараптың пікірталас барысында өз позицияларын айтқандары белгілі болды. Судья кеңесу бөлмесіне кетер алдында үкім ертең, 25 желтоқсанда сағат 16:00-де жарияланатынын хабарлаған деп жазады "Костанайские новости".

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызында жантүршігерлік жағдай орын алған болатын.

Ақтөбелік тұрғын Нұр-Сұлтандағы іс-сапарынан үйіне қайтып бара жатқан жолда жолсеріктердің зорлық әрекетінің құрбаны болған еді.

Таяуда ғана бұл іске қатысты екі айыпталушыға сот үкімі шығып, олардың әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда соттың шешімі қоғамда үлкен резонанс тудырып, жұрт сотталушыларға кесілген үкіммен келіспейтіндіктерін жеткізген. Олардың арасында белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бар.

Кейін бұл іске бас көлік прокуратурасы назар аударып, сотқа қайта апелляциялық өтініш хат жолданды.

Қоғамда шу тудырған оқиға үшін ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов өз атынан және ҚТЖ атынан кешірім сұраған болатын. Кейін жолсеріктерге қатысты үкім өз күшін жойды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel