RU

Желіде көшені қардан тазалайтын әжейдің жантебірентерлік суреті тарады (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Әлеуметтік желіде көптің жанын тебіренткен фото тарап жатыр. Суретте көшенің қарын тазалаушы қарт әжейдің ауыр еңбегі бейнеленген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/vadim.vinokurov1

Фото: facebook.com/vadim.vinokurov1: Facebook

Жантебірентерлік фотоны Facebook желісінде Вадим Винокуров есімді қолданушы жариялаған.

"Жаңа ғана оның қарапайым әрі ауыр еңбегі үлкен қымбат көліктің дөңгелегімен тапталды. Басқалар "көрмей тұрсың ба, біз қарды жинап жатырмыз, белгілер тұр ғой, күні бойы аязда жұмыс істейміз, еңбегімізді құрттың, енді бәрін қайтадан жинаймыз, мұнда неге шықтың, бәрібір кептеліс емес пе" деп айқайлап, ызаланатын еді.
Алайда ол (әже - ред.) оған қарап тұрды, ал ол (жүргізуші - ред.) телефонының экранына қарап отыр", - деп жазған Вадим Винокуров.

Аталмыш жазба көпшіліктің қызу пікірталасын туғызып, оны мыңға жуық адам бөліскен.

"Өкінішке орай, бізде мұндай адамдар көп. Өзгенің еңбегін бағалап үйренуі үшін оларға қар тазалатып қою керек", "Әйел үшін жүрегім ауырады. Мына элиталық автокөліктің иесі үшін ұялып тұрмын", "Өзгенің еңбегіне осылай қарау - жүргізушінің ешқашан еңбектенбегенін көрсетеді"
"Видео түсіру керек еді. Әйтпесе фотода автокөліктің жиналған қарды таптағаны көрінбейді, түсініксіз", "Неге бәрін анықтап видоеға түсірмедіңіз", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетсек, Таразда мектеп оқушысы Абылайхан Қуантай қолына сыпыртқы алып, орталық саябақ жанындағы жаяу жүргіншілер жолын тазартып шыққаны хабарланған.

Баланың жолды сыпырып жатқан видеосы әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Желі қолданушылары оқушының әрекетіне тәнті болды. Мектеп оқушысы күзгі демалыс кезінде дала сыпыруға күнде шығады екен. Айтуынша, үйде тірліксіз отырудан іші пысқан.

"Үлкендердің көше тазартып жүргендерін жиі көремін, сондықтан да оларға көмектесуді шештім. Өз ауламды сыпырғанды жақсы көремін, барлық жердің таза және жайлы болғанын қалаймын. Егер де әркім осындай игі істер жасаса, қаламыз бұдан да көрікті бола түседі", – дейді Абылайхан Қуантай.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Желіде көшені қардан тазалайтын әжейдің жантебірентерлік суреті тарады (фото)