RU
Түркістан облысында "қыз алып қашу" сәті видеоға түсіп қалды

Түркістан облысында "қыз алып қашу" сәті видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында қыз алып қашқан жігіттердің әрекеті видеоға түсіп, ол желіде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Куәгерлер түсірген видео Instagram желісіндегі v.shymkente парақшасында пайда болған.

Роликтің астындағы жазбада "Кешегі зоосаябақтан қашып кеткендер осылар ғой деймін" деп жазылған.

Кадрларда үш жас жігіттің қызды автокөлікке күштеп мінгізгені анық көрінеді. Сол жердегі ер адам жігіттерге кедергі келтірмек болған. Алайда олардың бірі ер азаматты итеріп, жерге құлатқан.

Tengrinews.kz хабарлауынша, Түркістан облысы Полиция департаменті роликтегі оқиғаны растап, оның 23 желтоқсанда Арыс қаласында болғанын мәлімдеген. Жігіт бойжеткенді үйлену мақсатында алып қашқан.

"Бүгін арыстық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, зардап шегушінің анасы келді. Оның арызы Қылмыстық Кодекстің 125 бабы "Адам ұрлығы" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бойжеткен алып қашқан жігіттен бас тартып, өзінің үйіне оралған.

Айта кетсек, бұған дейін атышулы "Қалаулым" бағдарламасында қатысушы жігіт өзі сияқты жобаға махаббатын іздеп келген қызды алып қашқаны хабарланды. Жас жұбайлар алғашқыда сезімдерін мойындамай, дос болған. Алайда бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындарын түсінген ғашықтар "алып қашу" жолымен үйленуді жөн көрген.

Сондай-ақ, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов еркінен тыс қыз алып қашқандарға қатысты қандай жаза қолданылатынын айтып берген еді.

Ахметжановтің сөзінше, қылмыстық кодекстке қыз алып қашуға қатысты бөлек бап жоқ. Алайда адам ұрлау үшін жауапкершілік қарастырылған.

"Енді, ондай жағдайлар әртүрлі болады ғой. Егер қызды зорлап, алып қашып жатса, ол адам ұрлау қылмысы болып саналады. Осы қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Ондайда ешқандай татуласу болмайды. Енді, өмір болғасын, әртүрлі жағдай болады, адамның әрекетіне қарай құқықтық баға беріледі", - дейді бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 125-бабына сәйкес, адамды ұрлағаны үшін төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз
7
1
6
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel