Выйти
RU

Атамбаев сот отырысына қатысудан бас тартып, залдан шығып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша көшпелі сот отырысын өткізуге тырысты. Алайда қорғаушы Сергей Слесарев Атамбаевтың аталған сот отырысынан шығып кеткенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Алмазбек Атамбаев. Фото: instagram.com/almazbek_atambaev_official

Алмазбек Атамбаев. Фото: instagram.com/almazbek_atambaev_official

Слесаревтің айтуынша, Атамбаевты қорғаушы тарап сот процесін басқа жерге ауыстыруға, сондай-ақ сот отырысын экс-президенттің қатысуынсыз өткізуге өтініш берген. Себебі, елдің бұрынғы басшысының сот отырысына қатысуға және сұрақтарға жауап беруге ниеті жоқ.

"Сот отырысы өткізілген жер санитарлық және құқықтық нормаларға сәйкес келмейді. Елестетіп көріңіздер, 12-15 шаршы метр аумақты құрайтын кабинеттің ішінде 18 адам, ал судья бұрышта отыр. Алайда, сот процесті басқа жерге ауыстыру және оны Атамбаевтың қатысуынсыз өткізу туралы өтінішті қабылдамады. Содан кейін Алмазбек Шаршенович орнынан тұрып, шығып кетті", – деп мәлімдеді қорғаушы.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды. Оның ішінде, экс-президент кісі өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Бұған дейін Атамбаевтың қорғаушылары экс-президенттің заңсыз тұтқындалғаны туралы шағым түсіріп, Первомай аудандық сотында оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге тырысқан.

Алайда, Бішкек қалалық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тұтқындау туралы шешімді заңды деп тапты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атамбаев сот отырысына қатысудан бас тартып, залдан шығып кетті
Mailfire view pixel