RU
Жасқа толмаған баласымен жаттығу жасаған әке елді сүйсінтті

Жасқа толмаған баласымен жаттығу жасаған әке елді сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде кішкентай баласымен бірге жаттығу жасап жатқан әкенің видеосы тарады. Аталмыш ролик желідегілерді көңілінен шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видеоны Арман Тұрлыбек есімді желі қолданушы Instagram парақшасында жариялаған.

"Әке болу оңай емес. Күні бойы жұмыста, кешке басқа шаруалар, аяқ астынан баламен бірге бір қалған кезде... Әкелер балаларымен отырып қана қоймай анасы ешқашан жасатпайтын көптеген жаңа әрі қызық нәрселерді көрсетеді", - деп жазған жас әке.

Көңіл көтеретін видеодан ерекше әсер алған желі қолданушылары әкесі мен баласына жылы лебіздерін жаудырған.

"Сондай бақытты бала", "Қандай ғажап! Міне әке", "Түріңнен сенің тәп-тәтті", "Баланың қуанышты екені көрініп тұр", "Керемет! Әкелер үлгі алыңыздар", "Өзі мәз балапан", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетсек, бұған дейін желіде кішкентай бүлдіршіннің айнаға қарап, жасанды мұрт салған түрін көріп, жылаған видеосы пайда болған еді.

Бүлдіршінге өзінің жаңа "образы" ұнамай қалса керек. Желі қолданушылары балақайдың аталмыш әрекетіне сүйсініп, әдбен күлгендерін жазған.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жылқы мінген ер адамның жол ережесін сақтағаны да көпшіліктің көңілін көтерген болатын.

Қызықты видео Қарағанды облысы Балқаш қаласында түсірілген.

Кадрдан атқа мінген ер адамның артындағы көлікті құрметтеп, қай бағытқа қарай бұрылатындығын қолымен көрсеткенін, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағына тоқтағанын байқауға болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel