Выйти
RU

"Қазақша сайрайды": Сейфуллин Жолбарыстың екінші әйелі туралы не білеміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасынада өзіндік орны бар әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелімен қалай танысқанын айтып берді. Орыс қызды жар еткен өнер иесі сүйіктісінің жүрегін қалай жаулағаны жөнінде бар шындықты ашты. Өзге ұлт өкілі болса да, өнер жұлдызының келіншегі қазақ тілінде емін-еркін сөйлейтін болып шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кдар/Instagram/s_zholbarys_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кдар/Instagram/s_zholbarys_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық бағдарламаға жұбайымен бірге келген Сейфуллин Жолбарыс олардың махаббаты қалай басталғанын есіне алып, көпшілікпен бөлісті.

"Қазақ тілінен жарыс болды. Басқа ұлттың адамдары қазақ тілінен жарысады. Катяның қатысатын бағдарламасына мені қинап, көрермен етіп отырғызып қойған. Бұл - ойыншы. Сол жерде кәдімгідей жарысып жатыр. Қазақша сайрайды. Қалай енді? Сындық қой. Ол кезде менің продюсерлік орталығым бар болған.
Күйшілер, саксофон мен домбыра шертетін жігіттер мен қыздар болатын. Сол сәтте, өзім де бір ой болатын. Басқа ұлт қызынан қазақша өлең айтатын әнші шығарсам деп ойлатынмын. Сол кезде, ол басында осылай жұмысқа шақырылған ғой. Арнайы іріктеуден өтіп барып қабылданған" , - деді Сейфуллин Жолбарыс.

Екатерина бүгінде отағасы шығармашылықпен барынша айналысуы үшін басқа жұмыстың барлығын өз мойнына алғанын айтты.

"Ол кезде Қазақстан халқы ассамблеясында жұмыс істегенмін. Бастығым ол жарысқа мені расында айтқанда қинап жіберген. Таныстығым солай басталған. Екеумізді де қинап жіберді сол жобаға. Алайда, қазіргі таңда бақыттымыз.
Бүгінгі күні мен Сейфуллиннің музыкамен айналысуына кедергі етпей, еш нәрсеге басын ауыртпайтындай етіп отырмын. Мен оның жүргізушісімін, хатшысымын, стилистімін, кір жуғышымын, бәрі мен. Тек музыкамен айналысса болды. Әдемі әндер шығара берсе болды", - дейді әншінің жұбайы.

Оған қоса, Екатерина жолдасы өзін несімен баурап алғанын да жасырмай айтты.

"Бұл кісінің өзін-өзі ұстауы, көңіл-күйі, ақылы, өмірге деген көзқарасы ерекше. Жақындық бар екеумізде. Өмірге бір көзқараспен қараймыз" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сейфуллин Жолбарыс Шадаеваның үйге қатысты айыптауына жауап берген болатын.

Оған қоса, әншінің қызы желі қолданушыларын өнерімен тәнті еткен еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қазақша сайрайды": Сейфуллин Жолбарыстың екінші әйелі туралы не білеміз
Mailfire view pixel