RU

АҚШ-та бір мезетте 69 көлік соқтығысты (фото, видео)

Telegram logo VKontakte logo

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы көпірдің батыс бөлігінде көктайғақ пен тұманның әсерінен ірі жол апаты болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Фото: twitter.com/VSPPIO

Фото: twitter.com/VSPPIO: Twitter

Жергілікті полицияның Twitter парақшасында мәлім болғандай, жол апатына 69 автокөлік ұшыраған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 51 адам зардап шеккен, 11-і ауыр жарақат алған. Қаза болғандар жөнінде ақпарат жоқ.

Оқиға Ричмонд қаласынан бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан көпірде болған. Құқық қорғау органдарының жариялаған кадрларына қарағанда, автокөліктер тізбекпен бір-біріне соғылған. Суреттерден зақымданған көліктердің бірнеше қатарын байқауға болады.

Полицияның мәліметінше, көпірдің батыс бөлігінде көктайғақ пен тұманның әсерінен көліктер соқтығыса бастаған. Оларға назары ауған көпірдің шығыс бөлігіндегі жүргізушілер де дәл сондай жол апатына ұшыраған.

Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан жолдарында бір аптада 39 адам көз жұмды.

Осылайша, 16-22 желтоқсан аралығында Қазақстан жолдарында 104 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Солардың салдарынан 39 адам қаза тауып, 158-і түрлі жарақат алды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ауа температурасының 0 градусқа дейін күрт жылынуына байланысты жолда көктайғақ пайда болған, ал қалың тұман, жаңбыр мен қар жаууы жолдағы көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіруде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
АҚШ-та бір мезетте 69 көлік соқтығысты (фото, видео)