Выйти
RU

Тоқаев 2019 жылы қандай жұмыстар атқарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы брифинг өткізді. Берік Уәли президенттің 2019 жылы жасаған жұмыстарын қорытындылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: Original

Мемлекет басшысы жасаған жұмысты қортындылау бірнеше журналистің қатысуымен баспасөз конференциясы залында болды. Брифинг таныстырылым түрінде өткен.

Тоқаев осы жылы 12 елге және 25 рет Қазақстан өңірлеріне іс-сапармен барған. Жалпы айтқанда, президент 7,5 тәулігін жолға жұмсаған. Осы жылдың наурыз айынан бастап Тоқаев 200-ден астам кездесу өткізген.

Президент 31 рет өзге елдердің көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, 30 елшіні тағайындаған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: Original

Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы жұмысы ерекше атап өтілді. Жарты миллионға жуық азаматтар несиесін жабу үшін қаржылай көмек алған. Бұған 100 млрд теңге жұмсалған.

Сондай-ақ баспасөз хатшы 2019 жылы президенттің кадрлық резерв құрғанын атап өтті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: Original

Айта кету керек, ел президентінің баспасөз хатшысы есеп беретін мұндай іс-шара Ақордада алғаш рет өткізіліп отыр.

2019 жылы Тоқаев 9 ай президенттік қызметті атқарған. Осы уақыт аралығында Қазақстан басшысы 45 заң мен 200 жарлыққа қол қойған.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы қырғыз халқының аса көрнекті режиссері Болот Шамшиевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев 2019 жылы қандай жұмыстар атқарды