Выйти
RU

Ертеңгілікте Аяз Атаны көрген балалар жылап жіберді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде балабақшадағы Жаңа жылдық ертеңгіліктің видеосы тарады. Балалар бет-аузын орап алған Аяз атадан қорқып, жылап қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Бүлдіршіндерің қызықты видеосын жақында ғана қызды болған әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында жариялаған.

"Аяз аталар! Балаларды қорқытпаңдаршы", - деп жазған өнер иесі.

Кадрлардан балабақшадағы Жаңа жылдық ертеңгілікті көруге болады. Аяз атаны көрген бүлдіршін одан қорқып жылап жіберген.

Әншінің оқырмандары әдеттегідей пікірлерін қарша боратқан. Олар Аяз атаның шынымен де қорқынышты екенін жарыса жазды.

"Бала түгілі үлкен адам қорқатындай екен өзі де", "Түрі қорқынышты екен", "Балалар шошымасыншы", "Жандарым сол, қорқып тұр ғой", "Неге сонша бетін орап алған", "Менің ұлым да осылай жылаған", - деді желідегілер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жазира мен Жанболаттың екінші мәрте ата-ана атанғанын хабарлаған болатынбыз. Жұлдызды жұп қызының дүниеге келгенін біраз уақыт елден жасырып жүрген. Нәрестеге әншілердің тұңғыштары Қазыбек есім қойған. Ол "Дара" деген атты таңдаған.

Кейін сәбидің бесік тойынан желіде видео да тарады.

Сондай-ақ, Байырбекова 22 жыл күткен сәбиінің әкесі Жанболат Ербатыровтан айнымай қалғанын жеткізген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ертеңгілікте Аяз Атаны көрген балалар жылап жіберді (видео)
Mailfire view pixel