RU
Ресейде кәсіпкер бүтін бір ауылды тұрғындарымен қосып сатылымға шығарды

Ресейде кәсіпкер бүтін бір ауылды тұрғындарымен қосып сатылымға шығарды

Рассказать Вконтакте

Ресейде сібірлік кәсіпкер Красноярск аймағы, Идринский ауданындағы Васиельевка ауылын тұрғындарымен бірге сатылымға қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы НТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Риа Новости / Алексей Мальгавко

Көрнекі фото: Риа Новости / Алексей Мальгавко

Васильевка ауылында 45 үй мен мал шаруашылығы кешені бар. Ер адам мұны 20 миллион рубльге (122,728,861 теңге) бағалап отыр.

Телеарнаның анықтауынша, көрші аудандардың қоңырауларына жауап берген кәсіпкердің өкілдері ауылды сатып алған соң адамдармен қалаған нәрсені жасауға болатынын мәлімдеген.

Тіпті, тұрып жатқан үйлерінен күштеп шығарып тастауға да болады мыс.

НТВ таратқан мәліметтерге сәйкес, 1980 жылдардың соңында Минусинский құрылыс комбинатына ауыл салу үшін қаржы бөлінген. Кейінірек, компанияның басшысы жерді өмір бойына пайдалануға алған.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістан облысында бүтін бір ауыл ішімдіктен түгелдей бас тартқаны хабарланған. Алмалы ауылындағы дүкендерде ішімдік саудасы осыдан 10 жыл бұрын тоқтатылған. Сол сәттен бастап тұрғындар ащы суды аз тұтынып, олардың өмірі басқа арнаға ауысқан.

160-тан астам отбасы тұратын бұл ауылда қанша іздесеңіз де ішімдік таба алмайсыз.

Көптеген жылдар бұрын сауда нүктелері ақсақалдардың ұсынысы бойынша алкоголь сатуды тоқтатып, бұл ауылдағы жағдайға айтарлықтай әсер еткен.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, осының арқасында ауылда ішімдік ішетіндердің саны азайып, қылмыстар сиреген.

Сіздің реакцияңыз
3
4
3
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel