RU

"Ақтөбе" клубынан кеткен Самат Смақов жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов "Ақтөбе" клубының бас директоры қызметінен кеткен соң екі бірдей лауазымға ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Самат Смақов. Фото: instagram.com/samat_smakov

Самат Смақов. Фото: instagram.com/samat_smakov

Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің футболды дамыту бойынша кеңесшісі және "Ақтөбе" басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлаған.

Еске сала кетсек, еліміздің танымал бұрынғы футболшысы Самат Смақов 2018 жылдың қаңтар айында "Ақтөбе" футбол клубының директоры болып тағайындалған еді. Екі жыл басшылық еткен ол 20 желтоқсанда қызметінен кетті.

Осыдан соң "Ақтөбе" ФК басқармасы төрағасы лауазымы Артур Смағұловқа, бас менеджер қызметі Горан Вельковичке бұйырған.

Сондай-ақ, "Ақтөбе" футбол клубының жанкүйерлері Самат Смақовты команданың бас директоры лауазымына қайтаруды сұрап жатқаны хабарланды.

Ақтөбелік команданың жанкүйерлері #СмақовтыҚайтарыңдар хештегімен флешмоб ұйымдастырған. Олардың Instagram парақшасында жарияланған соңғы жазбаларының бірі бір сағаттың ішінде 1200 ден астам лайк жинаған.

Флешмоб басталғаннан кейін жанкүйерлердің парақшасында команда ардагерін қайтару өтінішімен 50-ден астам жазба жарияланыпты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ақтөбе" клубынан кеткен Самат Смақов жаңа қызметке тағайындалды
Mailfire view pixel