RU
Жаңа министр Қазақстанда АЭС салуға қатысты пікір білдірді

Жаңа министр Қазақстанда АЭС салуға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі әзірге қаралып жатыр. Энергетика министрлігінің бұған қатысты позициясы өзгерген жоқ. Бұл туралы бүгін ведомствоның жаңа басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаев. Фото: Атырау облысы әкімі баспасөз қызметі. Көрнекі фото: pixabay.com

Нұрлан Ноғаев. Фото: Атырау облысы әкімі баспасөз қызметі. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысынан кейін журналистер энергетика министрінен атом электр станциясын салу мәселесі жабылды деп айтуға бола ма деп сұрады.

"Жоқ, әзірге мәселе жабылды деп айтуға болмайды. Қандай кезеңде болса, сол күйі қалды", - деді Ноғаев.

Айтуынша, энергетика министрлігінің АЭС құрылысына қатысты бұған дейінгі позициясы өзгерген жоқ.

"Әзірге мәселе қаралып жатыр. Энергетика министрлігінің ұстанымы мынадай: энергияның қосымша көздері бар кезде, біз бұл мәселені тек қарастырамыз. Бүгінде республика энергиямен өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр, тіпті бір бөлігін сыртқа экспорттайды", - деді министр.

Ноғаев қазір елімізді электр қуатымен қамту жүйесін жетілдіру шаралары қолға алынып жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, осы жылдың сәуірінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапары барысында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынған еді.

Кейіннен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясының құрылысы туралы пікір білдірді. Ол тұрғындардың пікірінсіз шешім қабылданбайтындығын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel