RU
Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісін қабылдады

Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісін қабылдады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың даму қарқынына оң баға беріп, ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша, атап айтқанда, сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салаларында ілгерілеу байқалатынын атап өтті.

Алексей Бородавкин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, сондай-ақ, елшіліктің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.

Естеріңізге сала кетейік, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы брифинг өткізді. Берік Уәли президенттің 2019 жылы жасаған жұмыстарын қорытындылады.

Мемлекет басшысы жасаған жұмысты қортындылау бірнеше журналистің қатысуымен баспасөз конференциясы залында болды. Брифинг таныстырылым түрінде өткен.

Тоқаев осы жылы 12 елге және 25 рет Қазақстан өңірлеріне іс-сапармен барған. Жалпы айтқанда, президент 7,5 тәулігін жолға жұмсаған. Осы жылдың наурыз айынан бастап Тоқаев 200-ден астам кездесу өткізген.

Президент 31 рет өзге елдердің көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, 30 елшіні тағайындаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel