RU
Алматыда жаппай жол апатын жасаған азамат жүргізуші куәлігінен айырылып қалды

Алматыда жаппай жол апатын жасаған азамат жүргізуші куәлігінен айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық әкімдігі маңында жаппай жол апатын жасаған көлік жүргізушісі 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жүргізуші ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды (адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы).

"Ол 9 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды",- деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні түнде Porsche Panamera жүргізушісі қала әкімдігіне жақын орналасқан Сәтпаев көшесіндегі жолдың жиегінде тұрған көлікке соғылды. Нәтижесінде тағы бірнеше қымбат автокөлік зардап шекті.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістандағы инкассаторлардың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Биыл аталған өңірде орын алған ең атышулы тонау мен кісі өлімі бойынша істі қарау аяқталды.

"Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Нұрбекті ҚР ҚК-нің 192 бабы 4-бөлігінде (аса ірі көлемдегі қарақшылық шабуыл) және 99 бабы 2-бөлігінің 1, 2, 8-тармақтарында (пайдакүнемдік ниетпен қызметтiк борышын жүзеге асыру кезінде екі немесе одан көп адамды өлтіру) қарастырылған қылмыстарды жасау бойынша кінәлі деп таныды.
Сот сотталушыға қатысты қатаң режимде 24 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі", – деп мәлімдеді Түркістан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үйлестіруші-судьясы Дәурен Мадалиев.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel