RU

Қыз зорлады деп айыпталған азамат сот залында суицид жасады

Telegram logo VKontakte logo

Санкт-Петербургте қыз зорлады деп айыпталған азамат сот залында өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Rambler ақпаратына сәйкес, айыпталушы Ресейдің мәдени астанасы сотының ғимаратына тергеу органдарының берген қолдаухатына сәйкес, бұлтартпау шарасын ұзарту туралы мәселені шешу үшін жеткізілген.

Оқиға 23 желтоқсан дүйсенбі күні болған. 40 жастағы азамат соттағы сәтті пайдаланып, қоласты құралдары арқылы суицид жасаған.

Жәбірленушіні құтқармақ болғандар оған алғашқы көмек көрсетіпті. Ал қоңырау бойынша келіп жеткен дәрігерлер тек айыпталушының өлімін ғана тіркепті.

Тергеу комитеті аталған фактіге сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ол сот органдары қамау уақытын ұзартпақ болғаны үшін суицид жасған болуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанның үшінші мегаполисінде қарапайым отбасылық жанжалдың соңы қанды оқиғаға ұласты. Ұрыс-керіс кезінде күйеуі әйелін бірнеше рет пышақтаған, артынан суицид жасауға талпынып, өз-өзін бауыздап жіберген.

Оқиға орнына келіп жеткен Шымкент құқық қорғау органдарының қызметкерлері отбасылық жанжал кезінде ер адамның өз әйелін бірнеше рет пышақтағанын анықтады.

Дереккөздің ақпарынша, содан кейін ер адам суицид жасауға талпынып, сол пышақпен өз-өзін бауыздап жіберген. Нәтижесінде екеуі де ауруханаға жеткізілген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қыз зорлады деп айыпталған азамат сот залында суицид жасады