RU

Димаш әлемдік үздік орындаушылар арасында үшінші орын иеленді

Димаш Құдайберген әлемдегі Адажио Альбинони әнін үздік орындайтын әншілердің бірі атанды. Тыңдармандардың ашық дауыс беру нәтижесі бойынша қазақстандық үшінші орыннан көрінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген / Лара Фабиан / Сергей Дудинский. Фото: instagram.com/dimash.kg/dudinsky.show
Димаш Құдайберген / Лара Фабиан / Сергей Дудинский. Фото: instagram.com/dimash.kg/dudinsky.show: UGC

25 жастағы Димаш Құдайберген әлем бойынша "Adagio" әнін үздік орындаушылар қатарынан көрініп, бұл рейтингте "қола жүлдені" иеленді. Ашық дауыс беру 25 қараша мен 25 желтоқсан аралығында Adagio.World сайтында жүргізілді.

Осылайша, Adagio World нұсқасы бойынша бірінші орынды ресейлік опера әншісі Сергей Дудинский, ал екінші орынды танымал француз әншісі Лара Фабианға бұйырды.

Аталған конкурста Хосе Каррерас, Витас және басқа да әлемге әйгілі жұлдыздар бақ сынаған. Жалпы, бұл номинацияда 15 танымал әртіс арасында таңдау жүргізілді.

Димашқа 402 мыңнан астам дауыс берілген. Ал Сергей Дудинскийге – 414 мың және Лара Фабиан – 408 мың дауыс жинапты.

Бұған дейін Димаш Құдайберген Қытайда өткен "I am Singer" халықаралық байқауында "Adagio" әнін орындап, сол айналымда бірінші орынды иеленген болатын. Сол кезде француз әншісі Лара Фабиан оның таланты мен ерекше даусына тәнті болғанын жеткізген еді.

Айта кетейік, ерекше дауыс иесі – қазақстандық Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі алғашқы жеке ән кешін аншлагпен өткізді. Оның "Arnau tour ENVOY" деп аталатын шоу концертіне ғаламшардың түкпір-түкпірінен жанкүйерлер жиналды. Тыңдарман қауым ерекше дарын иесін үш сағат бойы табиғи жанды дауыста тыңдаған.

Сондай-ақ желіде Димаш Құдайбергеннің бағасы шамамен 390 мың доллар тұратын сағат тағатыны жайлы мәлімет пайда болды. Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сай Димаш Құдайберген аса сирек кездесетін қызғылт алтын түсті Astronomia Solar Zodiac сағатын тағып жүр.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833311-dimas-lemdik-zdik-oryndausylar-arasynda-sinsi-oryn-ielendi.html