RU

Еліміздегі ауасы ең лас өңірлер анықталды

Еліміздің экология министрлігі арнайы зерттеу жүргізіп, Қазақстандағы ауасы ең лас өңірлерды анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қарағанды мен Павлодар еліміздегі ауасы ең лас өңірлер болып табылған.

Телеарнаның мәліметінше, ауаны ластауға үлкен үлес қосып отырған салалардың ішінде көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары, тау-кен металлургия секторы, мұнай өндіру мен көлік құралдары бар.

Мәселен 2018 жылы ауаға тараған лас қалдықтардың көлемі екі жарым миллион тоннаға жеткен. Әрі ол жыл сайын 100 мың тоннаға өсіп келеді.

Сондай-ақ, қазір ел аумағындағы үш жарым мың полигонда 120 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық жинақталыпты. Оған жыл сайын 5 млн тоннадан тағы қосылып отыр.

Айта кетейік, биылдан бастап пластмассаны, макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын және шыныны көмуге тыйым салынды.

Алайда Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің сөзінше, өңірлерде тиісті инфрақұрылым болмағандықтан, бұл шара да орындалмай отыр екен.

Мырзағалиевтың айтуынша, өңірлердегі шығарындылардың негізгі үлесі Қарағанды және Павлодар облыстарында, яғни шамамен 56 пайызды құрайды.

Егер тиісті шара қабылданбаған жағдайда, 2030 жылы болжам бойынша ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн тоннаға дейін өспек.

Дереккеөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылықтардың ЖЭС-тің қаланы қалай ластап жатқанын видеоға түсіріп алғанын хабарлаған едік.

Автордың сөзінше, басқа мемлекеттерде ЖЭС-тің ауаны ластайтын көмірмен емес, газбен жұмыс істейді.

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек қала төмен орналасқандықтан әрдайым тұманның болатынын сөз еткен.

Ол атмосфераға тасталып жатқан қоқыстардың 27 пайызы ЖЭС-ке тиесілі екенін және жаңа ЖЭС салу немесе қолданыстағы құрылысты қайта құру туралы шешім қабылданатынын айтқан болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833313-elimizdegi-auasy-e-las-irler-anyktaldy.html