RU
Алматыда танымал қоғам белсендісі Ислам Угушев қамалды

Алматыда танымал қоғам белсендісі Ислам Угушев қамалды

Рассказать Вконтакте

Алматының әкімшілік соты "Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі" еріктілер тобының басшысы Ислам Угушевке қатысты үкім шығарды. Қоғам белсендісі бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке қамалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ислам Угушев. Фото: voxpopuli.kz

Ислам Угушев. Фото: voxpopuli.kz

Бұл туралы ол 24 желтоқсанда өзінің Facebook парақшасында мәлім еткен.

"Әркім істеген ісіне жауап беруі керек. Бұл маған да қатысты", – деп жазды Угушев әлеуметтік желіге жариялаған видеосының астына.

Қоғам белсендісі өз қателігін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді.

"Маған қымбат адамдарды, жақындарым мен туғандарымды қорғау үшін осылай істеуіме тура келді. Эмоцияға беріліп, қызды итеріп жібердім, балағаттадым. Менікі дұрыс емес, мойындаймын. Істеген ісіме өкінемін. Бірақ, қанша дегенмен, тағы бір мүмкіндік берсе де осылай істер едім.
Ешкімді ұрып-соққан жоқпын, басына секірмедім. Итердім, балағаттадым. Сол үшін бес тәулік берді", – деп жазды ол.

Айта кетейік, Ислам Угушев жетекшілік ететін "Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі" тобының еріктілері бірнеше жыл бойы жоғалған адамдарды іздеумен айналысып келеді.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында танымал блогер, қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Жанпейісов тұтқындалған болатын.

Алайда, біршама уақыттан кейін қоғам белсендісі қамаудан босатылды. Изолятордан шығып үлгермеген Жанпейісов өзінің әдеттегі ісін қайта бастаған. Ол жол ережесін бұзған екі жүргізушіні көріп, оны құқық қорғаушыларға жеткізген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel